Айға қарап
Бұл бетте «Айға қарап» атты Үмітай Сәтжанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ары асып ауылынан көкемдердің,
Көз ілгенде көк шатыр көтерген күн.
Ұқсаттым толған айды хан қызына,
Шұбыртқан өңшең сұлу нөкерлерін.
Ойланам түнгі аспанға айға қарап,
Бар дейтін әжем маған айда ғажап.
«Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа» деп,
Жататын туған айға бата жасап.
Ай бұрын сүттей аппақ секілді еді,
Көбейгендей дақтары бетіндегі.
Адамның тырнақ ізі сол дақтарын,
Көбейтіп жібергендей секілденді.
Жоқ, ай ол әуелгідей жарқырайды,
(Күдіктің күйзелтетін нарқы қайғы).
Аймалап сәулесімен бар ғаламды,
Ай толады, тоғайды, жартылайды.
Жартылайды ай сосын қорғалайды,
(Кім көрді бір жаңасы туған айды)?
Аппақ түн, аспан ашық, жұлдыз жиі,
Тамашалап отырмын толған айды.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі