Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Үмітай Сәтжанқызы - 1949 жылы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол алғаш «Татьяна әні», «Мұзтау», «Қас суреті» деген өлеңдерімен өз оқырмандарына танылған. 1979 жылдан 1994 жылға дейін алты рет ақындар айтысына қатынасып, Алтай аймақтық
әкімшілігінің «Жүлделі халық ақыны» атағын алған. 1978 жылдан қазірге дейін баспасөзде 500-ден аса өлең, әңгіме, мақалалары жарияланды. «Жиырмасыншы ғасырдың әдебиет қамбасы», «Сазды әуен», «Мұз таудан мың бұлақ», «Сауыр саңлақтары», «Ақындар ауылында», «Жұңго-қазақ айтыс ақындары» атты альманахтарда өлеңдері жиі жарияланып тұрады.
2003 жылы Орталық Ұлттар баспасынан «Арулар -асыл жандар» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
1988 жылы «Шұғыла» журналының «Еселі еңбек сіңірген қаламгер» куәлігіне, 1998 жылы «Іле айдыны» журналының «Қадірлі қаламгер» куәлігіне, 2011 жылы «Алтай аясы» журналының «Үздік автор» аталатын қаламгерлік даңқ куәлігіне ие болған.
Үмітай Сәтжанқызы қазір Шыңжаң Жазушылыр одағының, Шыңжаң әдебиет-көркемөнер бірлестігінің, Іле-қазақ автономиялы облыстық фольклор одағының, Алтай жазушылар одағының мүшесі.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі