Жапырақ құлап, қыз жылап
Бұл бетте «Жапырақ құлап, қыз жылап» атты Әзия Мағыперқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені сүйгем кезінде,
Сорланып соны жасырдым.
Көлеңкең қалды көзінде,
Көлбеңдеп өткен ғасырдың.
Серілігің кеткен секеңдеп,
Ерлігің жайлы не деймын.
Сүюді жырлап өтем деп,
Сүлдері қалған егеймін.
Алқалы нулы атырап,
Қаңқалы таудың тұрағы.
Жамылғы болар жапырақ,
Мөлтілдеп жылап тұрады.
Жапырақ құлап, қыз жылап,
Мазасыз маңның нышаны.
Жартастың бетін сызғылап,
Қиянда қыран ұшады.
Қыран да, қыз да өлермен,
Жеткізу қиын тілменен.
Сәулесін төккен төбемнен,
Қарыздар екем күнге мен.
Күн күліп, сосын қыз күліп,
Даланың даңқы артады.
Сүюдің өзі ізгілік,
Сағыну бақыт қалқаны.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі