Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Әзия Мағыперқызы - 1964 жылы Буыршын ауданының Қалутон деген жерінде дүниеге келген. Шыңжаң радио-телевизия университетінен білім алған.
1992 жылы «Ұстаз анама» атты тырнақалды туындысынан кейін түрлі басылымдарда өлең, толғау, поэмалары мен әңгімелері жиі жарияланды. «Мен жалындап өтемін», «Алтын тау салтанаты», «Іле салтанаты», «20 ғасыр: әдебиет қамбасы» сияқты альманахтарда жарық көрген өлеңдері Қытайдағы қазақ оқырмандары тарапынан жоғары баға алды. Оның «Жалғыз қайың», «Қыздың жанын аяла», «Қасиет ізде ғаламнан» атты жыр жинақтары бар.
40-тан астам өлеңі ханзу тіліне аударылған. 40-тан аса ән сөзін жазған. Әзия Мағыперқызы 1999 жылы қыркүйек айында Қазақстаның Астана қаласында шетел қазақтарының арасында өткізілген «Армысың, атамекен!» атты жыр мүшәйрасында Бас жүлдені, 2000 жылы Алтай аймағында өткізілген 13-кезекті ақындар айтысының жыр мүшәйрасында арнаулы сыйлықты иеленді. 2003 жылы Іле-қазақ автономиялы облысындағы наурызға арналған жыр мүшәйрасында жеңімпаз атанды. 2006 жылы автономиялы район бойынша қазақ-қырғыз жазушыларына арналған «Тұлпар» сыйлығын еншіледі.
Әзия Мағыперқызы Шынжаң Жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының, Алтай Жазушылар одағының мүшесі.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі