Сағақтан сынған жапырақ
Бұл бетте «Сағақтан сынған жапырақ» атты Әзия Мағыперқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күз күйзеліс әкелді,
Сағынып жүрмін әкемді.
Миымда мина көп сұрақ,
Қалайда бірі қатерлі.
Құстардан қалған сұңқылды,
Тұспалдар пенде мың түрлі.
Тіліме тіркеп, тілсімді,
Күзетке қойдым күлкімді.
Жанары күннің шыр жанып,
Сыбыр да сыбыр сырға бұлт.
Сағақтан сынған жапырақ,
Сағымға қалды шырмалып.
Менің де сары сауытым,
Ерніме еру дауысым.
Намысым-пәк, өңім-боз,
Күз-сағыныш сарысың.
Жапырақ жауып кешкілік,
Келмеске желмен көшті үміт.
Өшкенін өбіп жүрекпен,
Өткенін аңсау естілік.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі