Көкседім көктем күлкіңді
Бұл бетте «Көкседім көктем күлкіңді» атты Әзия Мағыперқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Алысты аңсау ермегі,
Намысты қызбын сырға бай.
Сағынышымның кермегі,
Кеудемде тұнып тұрғаны-ай.
Көкседім көктем күлкіңді,
Ашылмай арман гүлдерім.
Күй кешіп жүрмін бір түрлі,
Күйреуге таяп сүлдерім.
Ілеге тартып кетем бе?
Мініп ап жүрдек көлікке,
Аналар туған мекенде,
Айналып жүрет періште.
Намысты қыздың нарқы айна,
Таразы табар талғамын.
Ақбұрқақ қазір Алтайда,
Іледе дейді ақ жауын.
Кеудеде кербез сыр жатса,
Осыдан артық жоқ қой бақ.
Кеңсайдың іші құрғақ па?
Сайырдың іші көктайғақ.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі