Менің аңғал батырым
Бұл бетте «Менің аңғал батырым» атты Гүлден Мүлікқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Албырт деуге келмес мүлде,
Келмес деуге баласың.
Қарттық саған алыс әлі,
Ал мен үшін данасың.
Боз баладай боз жорғалы,
Секемшіл боп барасың
Бой жеткен боп бой түзеген,
Кезімді еске саласың.
Махаббатқа мың өртеніп,
Мың күйесің, жанасың.
Бірақ-тағы жаза алмайсың,
Мәңгі жанның жарасын.
Солай тәңір жаратқан ғой,
Ғашықтардың тағдырын.
Өстіп өмір кешіруің,
Әрі шаттық, әрі мұң.
Сорабынан айрылмай,
Ғашықтардың ізінің.
Баса алмайтын кезің болат,
От кеуденің қызуын.
Содан ғана түсінесің,
Бұл өмірдің қызығын.
Махаббаттың білдік бүгін,
Таңдайға бал татырын,
«Жар астында жау жоқ деме»,
Менің аңғал батырым.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі