Екпініме естілер елеңдесін

Бұл бетте «Екпініме естілер елеңдесін» атты Науат Шантубайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмірімнен түңілген шақтарымда,
Сырласқым кеп тұрады ақтарыла.
Арманым бар болғанмен дәрменім жоқ,
Телміріп көп қараймын аспаныма.
Өкінемін қанаттың жоқтығына,
Кеудемнен өшіре алмай отты мына.
Көңілім көкті айланып келгенімен,
Шаттанар шамам қайда шаттығыма.
Келтірмес кейде қырсық сақтануға,
Тау құлап түскендей-ақ қас қағымда.
Бөгелген тұншығып иірімім,
Буырқанып тасый алмай жатқанымда.
Ағытып жіберсеңші ақылыңмен,
Сырымды сенен қашан жасырып ем.
Екпініме естілер елеңдесін,
Шабытым шарықтасын тасуымен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері