Ауылды аңсау
Бұл бетте «Ауылды аңсау» атты Гүлнәр Қуанбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынып туған жердің топырағын,
Уыстап муза мұңды отырамын.
Жылуыңа жүректі жалғаған соң,
Қарсаланар өзгенің отына кім.
Зарығып туған жердің ауасына,
Жанымның ем іздеймін дауасына.
Шындығым жүр, туған жер даласында,
Тірлігім жүр сайы мен саласында.
Шөліркеп туған елдің мерейіне,
Қиял-теңіз шөгемін тереңіне.
Ауылдың жұпар иісін бір иіскесең,
Ду қала думан тірлік керегі не?!
Ауылға аңсарды адам тоса ала ма,
Туыспын түзгеніңе, тошалаңа.
Арманымның жібегін есіп келем,
Белдеу боп байлансам деп босағаңа.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі