Гүлнәр Қуанбекова

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Гүлнәр Қуанбекова - 1969 жылы Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында дүниеге келген. 1987 жылдан бастап қызметке араласты. 1999 жылы Іле оқу-ағарту институтының әдебиет факультетін бітіргеннен кейін әдебиет пәнінің оқытушысы ретінде еңбек етуде. Доцент ғылыми атағы бар.

1985 жылы «Көктем сағынышы» деген тұңғыш өлеңі «Алтай газетінде» жарық көрді. Содан бастап әртүрлі басылымдарда 1000-ға тарта өлеңі жарияланды. 1995 жылы Гүлнәрдың «Ар, әйел, алтын» атты жыр жинағы, 2005 жылы Орталық ұлттар баспасынан «Шолпан» атты жыр жинағы жарық көрген. Бұдан сырт, «Үкілі ырғай», «Ымырттағы ырғақтар», «Мен жалындап өтемін», «Жастолқын», «Тал бесік» атты оннан астам топтама жинақтарда өлеңдері жарияланып, шығармашылық ізденіс танытып келеді..
Сонымен бірге 42 ән сөзін жазып нотаға түсірді. Ол жариялаған әндер Қытай қазақтары арасында кеңінен танымал.

Гүлнәр Қуанбекова Жұңго Жазушылар одағының, Жұңго фольклоршылар одағының, қазақ айтыс зерттеу одағының, Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле жазушылар одағының, қазақ мәдениет одағының мүшесі. Шыңжаң фольклоршылар одағының жорасы.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері