Жүректің үнін жазамын
Бұл бетте «Жүректің үнін жазамын» атты Зайда Медеуханқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұңайсам кейде, көзімнен күлкі үйірдім,
Әйтеу, бір маған қасірет үнді үйір мұң,
Қамыққан шақта қол үшін берер туысың,
Ұқпаса сені қиыны осы қиынның.
Қаншама қиял жүйкемді менің кемірді,
Қаншама арман қиырда қалып егілді,
Сонда да жылап көрмедім әсте ешкімге,
Тұрса да бұлттар құрсаулап алып көгімді.
Жаным бар нәзік сезімтал болып жаралған,
Қиялым ұшқыр қиырға шарлап бара алған,
Ортақтас ойға құштарлық сезім арқалап,
Сәйкесіп келем өмірге мынау ағарған.
Әлде де тынбай жүректің үнін жазармын,
Өшкенше демім арманға құлаш созармын,
Өмірден алар, өмірге берер үлесім бар,
Сол еншімді елімнен ғана алармын.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі