Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Зайда Медеуханқызы - ҚХР-дің Шыңжаң өңірінің басты қаласы - Үрімжіде дүниеге келген. Шыңжаң педагогикалық университетінің химия факультетін бітірген.
2012 жылы З. Медеуханқызының «Арманшыл жан азабы» атты жеке жинағы Бейжіңдегі Ұлттар баспасынан жарық көрді. 2004 жылы Шыңжаң халық баспасынан шыққан «Қыран меруерті» атты топтама жинақта өлеңдері жарияланды. Зайда мәтіні мен сазын жазған ондаған әндер Қытай қазақтары арасында кеңінен танымал, ол әндердің бәрі де Шыңжаң халық радиосында орындалып жүр.
З. Медеуханқызы Қытай елінде және Қазақстанда танымал айтыс ақыны саналады. Ол 2006 жылғы 5 қыркүйектегі Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өткізген «Тәуелсіз елім, асқар белім» атты Халықаралық жыр мүшәйрасында 2-ші дәрежелі жүлдегер ретінде марапатталды. 2007 жылы «Отпан-тау» тарихи-мәдени кешенінің ашылу салтанатына байланысты өткізілген ақындар мүшәйрасында бағалы сыйлық алды. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ақбозат ІІ» халықаралық ақындар мүшәйрасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2008 жылы Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан «Ізгі арман» атты жеке өлеңдер жинағы шықты.
2011 жылы «Махаббат құрбаны» атты кітабы Алматыдағы «Кие» баспасынан жарық көрді. З. Медеуханқызы Шыңжаң Жазушылар қоғамының мүшесі.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі