Қарасаз
Бұл бетте «Қарасаз» атты Зәһәрә Нұрәділқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Мұқағали Мақатаевтің мұражайына арнау)
Елшенбүйрек тауының бөктерінде,
Айды аймалап, бой созған көкте күнге.
Айбыны асқақ мұражай еңселі де,
Куә болған ақынның өткеніне.
Қайырмасы:
Жасыл таудың етегі,
Асыл жанның мекені
Жаңа әуен, жаңа саз.
Батырлардың мекені
Ақындардың мекені
Қарқара мен Қарасаз.
Елшенбүйрек тауының бауырында,
Қауыштық біз Қарасаз ауылында.
Тұр қарсы алып алыстан келгендерді,
Туған жердің жауынын, дауылын да.
Қайырмасы:
Әрбір сөзі ұласқан есіл үнге,
Әйгілеген әлемге есімін де.
Әуелеген ән-күймен бүгін ақын,
Тербеледі мәңгілік бесігінде.
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі