Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Зәһәрә Нұрәділқызы - 1944 жылы Іле облысындағы Күнес ауданының Талды ауылында дүниеге келген. 1963-68 жылдары Шыңжаң университетінің жұңго тіл-әдебиет факультетінен білім алған. 1968-1973 жылдары Күнес аудандық Талды 3-орта мектебінде оқытушы
болған. 1973-2000 жылдары Шыңжаң университеті филология институтының филология факультетінде оқытушы-доцент болып, зейнетке шыққан.
Зәһәрәның тұңғыш өлеңі «Өзен», «Әсем тау» деген атпен 1962 жылы орта мектеп оқып жүрген кезінде «Шұғыла» журналының 5-санында жарық көрді. 1977 жылы жарияланған «Гүл», «Лейфың үлгісі» атты өлеңдері арқылы ол Қытайдағы қазақ поэзиясының белді өкілі болатындығын танытты. Осыдан соң оның өлең, поэма, толғаулары «Замана жыры», «Салтанат», «20-ғасыр: әдебиет қамбасы»
сияқты альманахтарға жиі жариялана бастады.
«Көктем қыз», «Ана жыры», «Сыңғырлы сырлар», «Қоңыр әуен» атты жыр жинақтары бірінен соң бірі жарық көрді. Бір топ өлеңі ханзу тіліне аударылып, «Шыңжаң аз санды ұлттар әдебиетінен таңдамалылар: «шегіршін ағашының көлеңкесіндегі көрініс» деген кітапта жарияланды. Оның «Көмірші» деген өлеңі «Шұғыла» журналының 2-дәрежелі сыйлығын алды. «Ұршық өмір» атты өлеңдер жинағы
таяу кездері Қазақстанда басылып шықпақ.
Зәһәрә Нұрәділқызының сөзін өзі жазып, әуенін өзі шығарған әндері 40-тан асады.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі