Сырымды кiмге ашпадым? –
Бұл бетте «Сырымды кiмге ашпадым? –» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырымды кiмге ашпадым? –
Тыңдады тамшы, шық бәрi.
Бiрi де сенен басқаның
Жанымды бiрақ ұқпады.
Махаббат миын жаулаған
Жан екем аңқау, ақымақ.
Жалынның сырын лаулаған
Түсiнсiн қайдан жапырақ?
Осылай жұмбақ күн кешiп,
Өмiрге жүр ем өкпелеп.
Өзiңмен бүгiн тiлдесiп,
Жүздесiп қалдық
Шоқ пен от.
Демiмiз бiздiң жиi ысып,
Сәулелi сырлар шерткенбiз.
Жалын мен орман сүйiсiп
Айналып кеттiк өртке бiз.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі