Махаббат тақырыбы

Бұл бетте «Махаббат тақырыбы» атты Светқали Нұржан жазған махаббат туралы өлең берілген.

Әзіл

«Оңашалап жолықтық жылға жақта,
Сыбырласып сырластық бір-жар апта.
Менен мықты ақын көп, сенем, бірақ
Сенен сұлу ару жоқ бұл қазақта!» –
Деп жырлап ем бір қызды баяғыда,
Қозыдай-ақ табысқан Баянына.
Ол қыз кетті жатпенен, тағы бірі
Жөргем болып ілінді аяғыма.
Бола ма адам біреуге текке ғашық,
Бауыр-ғашық болдық біз, өкпе-ғашық.
Оған да әлгі бағытпен жыр арнадым,
Қоймаған соң сонымды бетке басып.
Енді қашан, Құдай-ау, тоқталамын?!
Қаладан – қыз, даладан жоқ қарадым.
Жырлай, жырлай ең сұлу аруларды,
Ең мықты ақын мен өзім боп барамын...

18.08.1984 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері