Жүсіпов Бектас ақсақалға

Бұл бетте «Жүсіпов Бектас ақсақалға» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мықтысың сексеуілдің шонбайындай,
Ойың көп Қаратаудың жолдарындай.
Тамырың сіңіп кеткен тереңдерге,
Келесің қопарылмай, қолға алынбай.

Келесің көр нәрсеге опынбай-ақ,
Жалықпай жарды соғар толқындай-ақ.
Шоғыңнан бір қауым ел жылынатын,
Орданың ошақтағы отындай-ақ!

Қынынан суырылған ақ алмасым,
Әрдайым бола берсін бағың басым.
Білемін жүз жасайсың бұ күйіңмен,
Білемін қарттық сені ала алмасын.

Біреулер ақылыңа тоқтасада,
Сыр бермей отырасың мақтасада.
Бүгінгі тойлап жатқан жетпіс жасың,
Тағы да құтты болсын Бектас аға.

Өкпек желге қаратпай ықтыратын,
Шындықтың шырағындай тік тұратын.
Аман боп бала шаға отбасыңыз,
Жүз жаса асыл аға, мықты қартым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері