Галактикалық

Бұл бетте «Галактикалық» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Қонып едім қолыңа – тұғырым деп,
Жан екенсің маңайға жұғымың жоқ».
Құзыр-індет кеулеген сүйегімді
Кеміреді сен жақтан бір ызың кеп.
Ей, алғыншым, жанымның бұзбас сәнін –
Қоңырт ымырт жамылған күзгі аспаным.
Кінәм, күнәм – қос қасқыр таласа да,
Бұдан басқа жолы жоқ, біз – қасқаның!
Сенен демеу күтеді албырт кеудем,
Жебе мені, жаныңды жаңғырт деумен.
Саған әбден мәлім ғой аз емесі
Жеген таяқ қанды ұртты мәңгүрттерден.
Жебеуіңсіз тірліктің бар ма мәні? –
Айсың! –
Айдан шұғыла нәр жағады.
Жүрегімді семдіріп бара жатыр
Жер шарының суалған арналары.
Тек өзіңде нұрым да, арайым да,
Алабөтен жазу бар талайымда.
Маңайында тұлдыр жоқ – қарақұрдым
Қалай ғана жолармын ағайынға?!
Мен – жер. Сен – Ай. Бұлт – перде. –
Жараса ма?! –
Жүгіреді Күн-ене арашаға.
Бұлт-пердені жырта алмай арадағы,
Күйзеледі жұлдыздар – бала-шаға.
Іші де аран дүниенің, сырты қаран,
Бізге сусын бұйыртпас нұр-тұмадан...
Дал-дұл қылар пердені жұлдыздардың

17.01.1989 ж.
Жаңаөзен. Аурухана.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері