Күліп оян, балақан!

Бұл бетте «Күліп оян, балақан!» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күнмен бірге күліп тұр,
Болғың келсе тым ұтқыр.
Қимылдасын бар денең,
Өз өзіңді шынықтыр.

Шынық балғын жасыңнан,
Сенсің қыран жас ұлан.
Жаттығуды алдымен,
Бастау керек басыңнан.

Қозға мойын, иықты,
Соз қолыңды биік тым.
Жаттығулар айналсын,
Жан досыңа сүйікті.

Қорықпа, мүлдем жасқанба,
Арманың тұр асқарда.
Көтерілсін аяғың,
Қол секілді аспанға!

Отырып, тұр он рет,
Күшіңді жи соңғы рет.
Ел қорғайтын азамат,
Болу керек сом білек!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері