Менің Туым!
Бұл бетте «Менің Туым!» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің Туым – көк аспанның қиығы,
Ал көк аспан – Арманымның биігі.
Шуақ шашқан ортасында Алтын Күн,
Соған қарап, Заңғар көкке талпындым.
Күн астында қалықтайды Қыран құс.
Ол қыран құс мен боламын
Күмәнсіз.
Көк Туымда өрнегі бар Бабамның,
Соған қарап рухтанған Балаңмын!
Байрағымды баспас үшін еш пенде,
Ту ұстайтын батыр болам өскенде!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі