Желбіре, бірліктің жалауы!
Бұл бетте «Желбіре, бірліктің жалауы!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазағым, еркіндік аңсаған,
Мал емес, ар үшін қиған жан.
Ақыры тәуелсіз ел болып,
Даланы нұрға орап атты таң.
Жеткізген біздерді теңдікке,
Жарқыра, елдіктің алауы!
Куә бол достыққа, ерлікке,
Желбіре, бірліктің жалауы!
Іргелі, мерейлі болдық ел,
Кілемдей құлпырды туған жер.
Шаңырақ ешқашан шайқалмай,
Еркін ел, еңкеймей, өсе бер!
Жеткізген біздерді теңдікке,
Жарқыра, елдіктің алауы!
Куә бол достыққа, ерлікке,
Желбіре, бірліктің жалауы!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі