Бірлік

Бұл бетте «Бірлік» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жұмыла қалсақ
Тағуға түйме,
Бірікпей саусақ,
Ілікпес ине.
Шашылса моншақ
Ілінбей жіпке.
Бір-бірден алсақ,
Жараспас түк те.
Таспиық болып
Қосылса басы,
Жақсыға жорып,
Домалар тасы.
Қазақтың жаны
Даладай дархан.
Бірліктің мәні
Осында, қалқам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері