Қайран балалық, қайран он сегіз

Бұл бетте «Қайран балалық, қайран он сегіз» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған бала туралы өлең берілген.

Жақсыға жаны құмар,
Білмейтін жамандықты.
Сағындым пәк кезімді,
Сағындым балалықты.

Ойнайтын асыр салып,
Жорғалап құм үстінде.
Қаншама аңсасам да,
Балалық ары кетті.

Қой қуып, асық атып,
Ағаш ат ойнағаны.
Келмеске кетті ме әлде,
Сол достың қайда бәрі?

Есекке жегіп арба,
Бөтелке жинайтынбыз.
Қыр гүлін теріп алып,
Қыздарға сыйлайтынбыз.

Балалық — бақытты шақ,
Тәтті түс біз көретін.
Балалық — бақыт құсы,
Өмірде бір келетін.

Есейді бақыт құсы,
Бүгінде он сегізде.
Жеткендер жетпегенде,
Арман ғой он сегізге.

Бір күні жүрерім хақ,
Әке боп бір қазаққа.
Жүрерміз жиырма бесте,
«Қайран, он сегіз!» — деп.

Шығарылған күні: 30.12.2018 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер