Бір сыр бар – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Бір сыр бар» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2104
Жанымда жан ұқпайтын бір сырым бар,
Шыға алмай тар кеудеден тұншығуда.
Кезегін күтемін деп көптен бері,
Көзінің мұң-шығында күн сынуда.
Сәтімен жүрмін сыртқа шығара алмай,
Шығарсам қалардай жұрт ұға да алмай.
Кеменің күйін кешер сияқтанам,
Желкенін желге ұшырып құлаған қай.
Маңдайым жүр бұл шақта терден кеппей,
Жатыр-ау жыр-илхамнан жәрдем жетпей.
Ол сырды ашуға онша аптықпас ем,
Оны, әттең, ешкім айтып көрген жоқ қой!
Түйсігім түнді түртіп тамсағанмен,
Таңдарды шаршау өңмен қарсы алам мен.
Сол сырым өз қалпында шықса сыртқа,
Ұғысып кетердеймін — Барша жанмен!..
Қымтаған құпиясын тылсым жаным
Сезеді — алда мықты бір сын барын.
Асығам. —
Мына адамдар маған жүктеп
Қойғандай —
Ұқтыра алмас шын сырларын...

Наурыз, 1981 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сыр бар өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бір сыр бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сыр бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сыр бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері