Жүз біріншісі болайын

Бұл бетте «Жүз біріншісі болайын» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таңдайың балдай,
Назды үнің қандай,
Күлгенің сондай тәп-тәтті.
Алданып қалдым,
Арбап сен алдың
Мендегі жұмыр жүректі.

Кезбе жауындай,
Кезігіп қалдың,
Жүргенде алыс бір жақта.
Сен кетіп едің,
Көктемде кетті,
Жауыныңды төк біз жаққа.

Құлпырған гүлім,
Қызарған түрің,
Ақ мақтадан да әппағым.
Арнаймын саған
Жас жүрегімді,
Арнайды саған тәтті әнін.

Сенің жүрегің
Мендік жүрекпен
Қосылып бірге жүрейік.
Жас жүрегіңе
Жүз жігіт сыйса,
Жүз біріншісі болайын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер