Ақындар тағдыры

Бұл бетте «Ақындар тағдыры» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қажығали Мұхаметқалиевке
«Жет, ойбай!
Жылан шақты жас баланы!..»
Жыландай суық хабар осты Ананы!
Iсiнген саусағынан сәбиiнiң.
Сорды уды
Бiткен Ана басқа амалы...
Сырмаққа түскен сәби сұлай барып,
Сәт сайын өңi кiрдi шырайланып.
Анаға –
Қомнан ауған шаңырақтай
Дүние бара жатты шыр айналып...
Дөңбекшiп,
Сол Ананың баласындай,
Дүние,
Байыздашы аласұрмай.
Денеңе у дарытпай емдеп алар
Тағдыры Ақындардың дәл осындай!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері