Сырғанақ
Бұл бетте «Сырғанақ» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгінгі күн тым ғажап,
Төбемізден тұр қарап.
Ауыл маңы терең сай,
Дөң қабағы — сырғанақ.
Өзіміз көп баламыз,
Қолда бір-бір шанамыз.
Сабақтан соң жиналып,
Сырғанаққа барамыз.
Міне, қызық қараңыз,
Кезек сайлап аламыз.
Қыр басынан төменге,
Жұлдызща біз ағамыз
Шана көші шұбайды,
Кейбіреулер құлайды.
Шеберлігін бар бала,
Сырғанақта сынайды.
Кешке жақып нансаңыз,
Шаршаймыз да баршамыз.
Соңда-дағы үйлі-үйге,
Күліп-ойнап қайтамыз.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі