Қыс түсіпті

Бұл бетте «Қыс түсіпті» атты Әли Ысқабаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қар жауып тұр қылаулап,
Ақ мақтадай қыр, аумақ.
Жұмсақ мамық көрпеге
Бала біткен жүр аунап.
Қыс түсіпті, алақай
Жүр ойнайық, балақай!
Аяз ата қақпаны
Естіледі қаққаны.
Сүрінбесін тез барып,
Шам біткенді жақ, кәне.
Алқа таққан шыршаны,
Жайнатсын бір нұр шамы.
Шашып жатыр қыс әппақ,
Күмісті үгіп ұсақтап.
Таза ауада ойнайық,
Аққаланы құшаққа ап.
Заулайлықшы шанамен,
Бұдыры жоқ дала кең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері