Ауылға сәлем айта бар
Бұл бетте «Ауылға сәлем айта бар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәбидей күлiп бiр шуақ алдан,
Желегiм қашан жайқалар?
Алқасын тiзiп сыңсыған, Арман,
Ауылға сәлем айта бар.
Сыңсып бiр ұшқан шағала ма едi,
Қанатын бұлтқа шалдырған.
Жазғыра гөрме, жан ана, менi
Табаным тайса тағдырдан.
Қалқаның ұшты-ау алқасы көзден,
Сағындым мақпал майсаны.
Қазымыр шалдай малтасын езген
Қаланың қазақ қай сәнi?
Тоқымдай жердiң толғағы қысқан
Көңiлiм қалай жай табар?
Тобықтай ғана тордағы құстан
Ауылға сәлем айта бар.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі