Орыс ойнақыларынан
Бұл бетте «Орыс ойнақыларынан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызған, мейлің, қызғанба,
Жар емеспін некелi.
Мендей кәрi қыздарға
Шал-шауқан да жетедi!
***
Кекiрейме, жарығым,
Жандай-ақ бiр киелi:
Сен сүймесең бәрiбiр,
Менi басқа сүйедi!
***
Қайтем қарғап тағдырды, –
Көзiм жасқа малшынды.
Жас шалғында жаңбырлы
Махаббатым жаншылды.
***
Боз далаға гүл – қайғы,
Бозбалаға қыз – қайғы.
Сенсiз менiң жүрегiм
Күнi-түнi сыздайды...
***
Қара көйлек кигенiм –
Қайғырғанда күйгенiм.
Сары көйлек кигенiм –
Сарғайған күз күйдемiн.
Аппақ көйлек кигенiм –
Болмағаны сүйгенiм.
***
Сүйме мені далада,
Онда құмар қана ма?!
Шөмелелі қорада
Сүйгеніңмен бола ма,
Сүю үшін шанада
Әл-күшіңді шамала!
***
Жүретіндей жүрмесең,
Келмегенің жақсы едi?!
Сүйетіндей сүймесең,
Көрмегенім жақсы едi?!
***
Қыз кезімде мақтадың,
Сөзден сарай салғандай!
Бүгiн қалай жақпадым,
Қара басып қалғандай!?..
***
Бозбаланың жанынан,
Өткенімде – қыз болам!
Мырзалардың жанынан
Өткенімде – сызданам!
Мосқалдардың жанынан
Өткенімде – мұз болам!
***
Құдалықтың сән-думаны
Деп жүргенде көп болар,
Жасауымды алды-дағы,
Мені ұмытып кетті олар!
***
Тазармаймын моншаңда да,
Тәнді бумен булаған.
Монахқа әйел болсам ғана
Арылармын күнәдан...
***
Түрін қара ала шыққан
Бәйшешектей балғынды!
Аямастан жаңа шыққан
Таптайсың-ау шалғынды...
***
Балғын шөпті жиған жақсы
Көк кезінде, көп кезінде.
Жас сұлуды сүйген жақсы
Омырауы тоқ кезінде!
***
Жарым түнде жымың қағып,
Жамырайды жұлдыз кеп...
Бір ана жүр ұлын бағып,
Бір ана жүр қызды іздеп.
***
Аппақ етім бар еді,
Қыса-қыса қызарттын.
Алма бетім бар еді,
Сүйе-сүйе бозарттын...
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі