Домбыра
Бұл бетте «Домбыра» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Николай УРСУН
Саха ақыны
Үнiң қандай көп тiлдi едi
Былдырындай бал бұлақтың?!
Күйiң қандай екпiндi едi
Шабысындай арғымақтың?!
Күмбiрлесе күмiс ағын,
Көңiлiмнен мұң қашады.
Менiң салған қылысахым1
Сиқырыңмен сырласады.
Қоңыр сазбен көңiл күйiм
Үнсiз ғана ұғысқандай:
Сенiң шерiң, менiң мұңым
Әлiмсақтан туысқан ғой…
Көк жүзiнде күлiмдеген
Күннiң де анау нұры ғажап!
Қос iшектiң дiрiлдеген
Бiрi – Саха, бiрi – Қазақ!
Екеуiнiң бiр-бiрiне
Қосылуға даусы ыңғайлы.
Құлақ салсаң күмбiрiне,
Айтар сыры таусылмайды!
Көрiне ме шетi-шегi
Ой-қиялдың осындайда:
Домбыраның екi iшегi
Қосыла ма, қосылмай ма?..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі