Өрік дәнегі
Бұл бетте «Өрік дәнегі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұхаммад САЛЫҚ
Өзбек шайыры
Тыншып тынған тауға да,
Сыңсып тұрған бауға да,
Жандыға да жансызға,
Қара тастай қамсызға,
Шаш етектi шалғынға,
Балауса гүл – балғынға,
Құлан иек таңға да,
Жыланирек жолға да,
Құзар шыңға, құзға да,
Мұзартқа да, мұзға да,
Балшыққа да, баққа да,
Шалшыққа да, қаққа да..,
Бәр-бәрiне үн берсе,
Үнмен қоса тiл берсе,
Көкейдегi зар-мұңын.
Тал қармаған тағдырын,
Дүниенiң тарлығын..,
Бәрiн, бәрiн, барлығын
Бiр сәтте айтып үлгерсе…
Әсiресе,
(Құдайым, басқа бермешi)
Өрiк дәнегiнiң зарынан
Құлағымыздың пердесi
Жарылар едi-ау, жарылар!!!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі