Ән
Бұл бетте «Ән» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаның ләззәт табатын,
Ән ғой шипа, даруың.
Жауға қайрап салатын –
Керек кезде қаруың.
Балқып, еріп жан-денең,
Елжірейді жүрегің.
Тыңдай білсең, ән деген –
Сиқыр әлем, бір өмір.
Дабылдатып дауылдай
бойға қуат дарытар.
Сіркіретіп жауындай
көзден жас та ағытар.
Тылсым сазды тың ырғақ
Бойға тарар шымырлап.
Әннен асқан сұлу жоқ!
Әннен артық ғұмыр жоқ!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі