Рауанды таңдар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Рауанды таңдар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1977
Қиялым желдей,
Көңілім көлдей,
Оған жаңбырлар жауып жатады,
Қар жауады, мұз қатады,
Онда дауыл мен бұлттар ауып жактады,
Солар жүректі сыздатады.
Онда асыл күндер болады,
Рауанды таңдары бар.
Онда жасыл гүлдер болады,
Жемісті баулары бар.
Менің көңілімді ұғу үшін
Бірде дауыл болып соғып,
Бірде жаңбыр болып жауу керек.
Менің жанымның құбылысын
Тек табиғаттан тбу керек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері