Шындық пен өтірік
Бұл бетте «Шындық пен өтірік» атты Исраил Сапарбай жазған шындық туралы өлең берілген.
Қалдырмастан нүктесі мен үтірін
Білгім келді көпшіліктің пікірін:
– Айтыңызшы ақ жарқыным, ардағым,
Өтірік пен шынның ара салмағын?
Бір-біріне ұқсап тұрса түр-өңі,
Онда оларға кімнің жібір жүрегі?
«Бір-біріне ұқсас па?» – деп шынымен,–
Екеуіне кезек-кезек үңілем.
Шындық шіркін айналғанда жалғанға,
Кім түспейді алдау менен арбауға?
Ал өтірік шындық атын жамылып,
Шыға келсе қайтер едің қағынып?
Айтыңызшы, қайсысы өмір ұраны?
Қайсысына бүйрегіңіз бұрады?
Шынымды айтсам, бірін-бірі бүлдірген
Оларды емес, Сізді ұнатып тұрмын мен!
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі