Маңғыстаудың Маршалы

Бұл бетте «Маңғыстаудың Маршалы» атты Ernar_akyn жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір тұлға бар тамыры Меңғыстаудан,
Еңбектері еленген, шаң баспаған.
Туған жерін тәрк етпей мәңгүрттердей,
Жазарымен жебеген алыстардан.

Шежіреші арысым, майталманым,
Атқарғанын алашқа айта алмадым.
Толыссам туған жерге борышымды,
Маршал атам секілді қайтарамын.

Туған ай туралған ет ғұмырында,
Шыққан жоқ па дарынның тұғырына?
Жүрек жұтып жазғанда мұнай жайын,
Айналды әдебиет алыбына.

Солай, солай сөзім бар сөнбейтұғын,
Аз жырымның санына көнбей тұрмын.
Бірақ білдей жыр жаздым, қуанамын,
Өр ғалымның атына өлмейтұғын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер