САБЫР МЕН УАҚЫТ
Бұл бетте «САБЫР МЕН УАҚЫТ» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір деген — өткелдерден тұрады,
Бірде күлерміз, бірде мұңға батармыз.
Қиындыққа мойымайық, сабыр қылып,
Әр сынақтың артында жақсылық бар.
Өмір келер сынақпенен, сырменен,
Кейде алысқа жетелейді мұңменен.
Сабыр қылсаң, сүрінсең де мойыма,
Жақсылықтың жолы шығар бір белден.
Бүгінгі күн ауыр болса — түңілме,
Жақсылықты жоғалтпағын көңілде.
Асықпай жүр, әр нәрсенің өз уақыты бар,
Бұйырғаны алдыңнан шығар бір күні.
Тағдыр саған сынақ берсе — налымай,
Көңіліңді қара ойларға салынбай.
Бәрі өтер де, бәрі қалар артында,
Жақсылыққа жетерсің әлі талай.
Бүгінгі күн ауыр болса — түңілме,
Жақсылықты жоғалтпағын көңілде.
Асықпай жүр, әр нәрсенің өз уақыты бар,
Бұйырғаны алдыңнан шығар бір күні.
© Сабазбек Медет
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі