Махаббат пен қалам

Бұл бетте «Махаббат пен қалам» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген.

Алпысында қартайды деп ақынды
Артық айтып кейбіреулер шатылды.
Алпысыңнан асқанымен сол ақын
Жас жігіттей әлі ширақ болатын.
Махаббаты – жанға дару, сүйініш,
Қаламсабы – қолға қару, сүйеніш..,
Үкім айтып тұрса үнемі жыр соты,
Қартаюға қайдан болсын мұрсаты?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері