Отырар ойлары
Бұл бетте «Отырар ойлары» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сексеуілдің бұтағына ілініп,
Ілдаллалап тұрғандайын бір үміт.
Таудай-таудай бархандардың астында
Қанша жандар шәйіт болды қырылып...
Олар егер келер болса тіріліп,
Ортамыздан жол берер ме ек жырылып.
Құм астында кімдер қалды құмығып..,
Қызғалдақтай қыл мойыннан жұлынып???
Хорезм де қанды көйлек киініп,
Қыршынынан қалған бір кез қиылып...
...Күнге де сен күдікпенен қарайсың,
Ескендірдің қабағындай түйіліп!..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі