Инелік

Бұл бетте «Инелік» атты Айтбозым Мұратбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ау, инелік, инелік,
Әрі-сәрі күйге еніп,
«Күн суытар тағы» деп,
Тұрсың ба әлде именіп?
Ешкімнің жоқ таласы,
Көктем келді, қарашы!
Малынып тұр шуаққа,
Жер мен көктің арасы.
Артта қалып азап, мұң,
Қайта келді ғажап күн.
Қыспағынан бұл қыстың
Енді сен де азатсың.
Сарышұнақ тұр жол қарап,
Кірпі де жүр жорғалап.
Аспан кең ғой, самғай бер,
Қанатыңды қомдап ап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері