Піл

Бұл бетте «Піл» атты Айтбозым Мұратбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн көрісі қалыпты
Болмаған соң арыпты.
Жанға жайлы жер іздеп,
Жылы жаққа барыпты.
Сонда ғұмыр кешеді,
Ұрпақ жалғап өседі.
Кең саванна – мекені,
Қолайлы жер – төсегі.
Салтанаты, сәні бар,
Бұл бір алып жануар.
Біздің елден іздесең,
Зообақтан табылар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері