Өрмекші

Бұл бетте «Өрмекші» атты Айтбозым Мұратбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өрмек тоқыр ерінбей,
Ауыр істен жерінбей.
Тоқып болып өрмегін,
Өзі тұрар көрінбей.
Адамға жоқ залалы,
Қарекеті – тамағы.
Бар азығын өзінің,
Өрмегімен табады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері