Оралар бәрі оңалар
Бұл бетте «Оралар бәрі оңалар» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоғалған заттар жоғалар,
Тоналған заттар тоналар.
Жетімдер кетер шетелге,
Осының бәрін сезгендей,
Тыншымай жатыр көрде де —
Кешегі өткен бабалар.
Барға да шүкір етейік,
Бұзылған заттар оңалар.
Тоналған ақша шетелге
Тонналап тұрып оралар.
Төбемде Тәңір тұрғанда,
Есеміз кетпес ешкімге.
Жетім боп кеткен балдарым
Білікті болып олар да,
Жерім деп ертең оралар,
Елім деп ертең оралар.
Жаңғырып жатсақ, иншаАлла,
Оралар бәрі, оңалар.
Жазылған күні: 18.12.2018 жыл.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі