Әлқисса
Бұл бетте «Әлқисса» атты Ескермес Жақсымбетұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсінерсің ерте бәлкім, мұны кеш,
Туған елдің төл тарихын біліп өс!
Біздің мына кең жазира даламен,
Керуендеген талай–талай ұлы көш.
Бұл фәниден кімдер тұрақ таба алар,
Өмір өзі саралар да даралар.
Ұрпағына өзіндік із қалдырып,
Керуендейді даламенен даналар.
Ұлар аңсап ұшқан ыстық ұясын,
Қыран аңсар қанат қаққан қиясын.
Басталады қатпар–қатпар таулардан,
Ұлы өзендер мұхиттарға құятын.
Таңдар атар нұрын шашып арайлы,
Сол таңдардан алтын сәуле тарайды.
Аспандаған шырқау басы көк тіреп,
Алып шыңдар тас төбеден қарайды.
Өмір жолын зерделеген ұғынар,
Айтылатын аңызы бар, шыны бар.
Туған жерде – Қаратауда қасқиып,
Дара тұрған Қалдаяқов шыңы бар.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі