Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Ескермес Жақсымбетұлы (6 тамыз 1948 жыл, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы) — ақын, жазушы, мұғалім.
1962 жылы Қарақұрдағы Панфилов атындағы сегізжылдық мектебін бітіріп, отбасы жағдайымен Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау совхозының Марксизм бөлімшесіне көшіп барады. Осы жылы батыста қазақ мектептері жаппай жабылып, Белогордағы жетінші орыс сыныбынан бастап оқуға тура келеді. 1965 жылы Белогорда 8-орыс сыныбын бітіреді.
1967 жылы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Алтынсарин атындағы орта мектепті аяқтап, Алматыдағы ҚазМУ-дің филология факультетіне оқуға түседі.
1972-73 жылдары Қазақтың мемлекеттік радио комитетінде редактор болады.
1973-74-жылдары республикалық жастар газеті - «Лениншіл жаста» (қазіргі "Жас Алаш" газеті) әдеби қызметкер болып қызмет атқарады,
1974 жылы - отбасы жағдайымен ауылына келіп, Энгельс атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болады.
1996 жылы жеңілдікпен зейнетке шығады.
1997-98 жылдары облыстық «Айғақ» газетінің Созақ ауданындағы меншікті тілшісі болады.
Жетістіктері:
Еңбек еткен жылдарында Қазақ ССР Оқу Министрінің, облыстық, аудандық оқу бөлімдерінің, аудан әкімгершілігінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған.
Қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 110 жылдығына өткізілген республикалық жыр мүшайрасының Бас жүлдегері (2004).
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2012)
Сұлтанбек Қожанов төсбелгісінің иегері (2014)
"Созақ ауданының құрметті азаматы" (2014)
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі