Білім мен ілім
Бұл бетте «Білім мен ілім» атты Медет Сабазбеков жазған білім туралы өлең берілген.
Адамды адам қылатын – білім мен ілім,
Адамдық қалпын сақтайтын – ар мен ұят.
Ақылменен ақиқатты іздесін адам,
Қараңғылықтан шығарар жол – білім мен сана.
Көргеніңді, естігеніңді саралап ал,
Әрбір істі асығыстықпен бағалама.
Бақылап, салыстырып, іздене біл,
Асықпай ой елегінен өткізе біл.
Ақыл деген – ойдың таразысы,
Ақыл деген – ізденіспен толығар.
Білім еңбектен нәр алар,
Білім деген – өміріңнің баспалдағы.
Бәрін біліп тумайды адам деген,
Қараңғылық дамытпайды санаңды.
Жетегінде еріп кетпе бөгденің,
Өзің салған жолмен жүргін өмірде.
Автор: Медет Сабазбеков
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі