Асықшыға

Бұл бетте «Асықшыға» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үйір болып ойынға,
Үйіресің сақаңды.
Жұмсағанда тіл алмай,
Ренжітпе атаңды.
Мерген бала атанған,
Жақсы-ақ екен машығың.
Ойын емес, өмірде
Алшы түссін асығың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері