Жақсы бала белгісі

Бұл бетте «Жақсы бала белгісі» атты Жәди Шәкенұлы жазған бала туралы өлең берілген.

Аға көрсе иілген,
Іні көрсе күйінген.
Жақсы бала белгісі,
Ұстаздары сүйінген.
Сабақ көрсе жаттаған,
Кірсіз киім сақтаған.
Жақсы бала белгісі,
Ата үмітін ақтаған.
Ерте тұрып төсектен,
Аулақ жүрер өсектен.
Жақсы бала белгісі
«5» алады есептен.
Анатілге ағып тұр,
Көршілерге жағып жүр.
Жақсы бала белгісі,
Шам-шырақтай жанып тұр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері