Мен талапты баламын

Бұл бетте «Мен талапты баламын» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арманым алда бар ұлы,
Мен талапты баламын.
Ащы терім арқылы,
Тәтті жеміс аламын.
Ерте тұрып орнымнан,
Сабағымнан қалмаймын.
Білім алу жолынан,
Жалықпаймын, талмаймын.
Ата-анамды аялап,
Ұстаз сөзін ұғамын.
Мектеп маған сая бақ,
Ғылым жолын қуамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері