Әнші

Бұл бетте «Әнші» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күміс көмей, жез таңдай,
Ән шырқаса әуелеп.
Қошеметке қол талмай,
Бой балқиды керемет.
Құлақ қанып өлеңге,
Көңіл болып жоғары,
Ырза болып өнерге,
Жұрт шапалақ соғады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері